$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматыда әйел адамды екі бірдей көлік қағып, мерт қылды

AstanaTV
18.07.2024ж. 06:34
179
Алматыда әйел адамды екі бірдей көлік қағып, мерт қылды

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екі бірдей көлік әйел адамды қағып кетті. Бұл туралы қалалық жол полициясы мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 21:40-та Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Өтеген батыр көшесінде болған.

"Екі көліктің соқтығысуы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды, қазір оның кім екені анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің өкілі.

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Chevrolet Cobalt жүргізушісі әйелді қағып кеткен, қатты соққыдан ол қарсы бағытқа ұшып түскен, сол жақтан оны Daewoo Nexia көлігі қаққан. Сондай-ақ, басылымның жазуынша, Chevrolet жүргізушісі бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған.