Құқық бұзушылар бұл тыйым салынған өнімдерді онлайн платформаларда сатқан.
Қылмыстық тізбек келесідей болды: мессенджерлер арқылы күдіктілер тауардың саны мен жеткізілетін мекенжайы көрсетілген онлайн тапсырыстар алып отырған.
Өткізілген іс-шаралар көрсеткендей, вейп жіберу орындары көпқабатты үйлердің жертөлесінде, компьютерлік клубтардың ішінде, бір сөзбен айтқанда, құпиялылық шараларын сақтай отырып орналастырылған.
"Бір кездері жұмыс істеген ресми дүкендер жабылғандықтан, онлайн түрде тыйым салынған вейптерді сату деректері бар. Тек соңғы 24 сағаттың ішінде заңсыз айналымнан 8 мыңнан астам вейп пен оның құрамдас бөліктері тәркіленді", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.