$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мектеп, колледж бен университет бағдарламасына қаржылық сауаттылық пәні енеді

18.07.2024ж. 20:00
505
Мектеп, колледж бен университет бағдарламасына қаржылық сауаттылық пәні енеді

1 қыркүйектен бастап мектеп, колледж бен университет бағдарламасына қаржылық сауатты арттыратын жаңа пән енеді. Ол «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ашылмақ. Оқушылар мен студенттерге арнайы оқу курсынан өткен мұғалімдер сабақ береді. Оларды да партия өзі даярлайды. Қазір 7500 ұстазды оқыту жоспарланып отыр. Алғашқы легі үш күндік семинарды аяқтады. Қатысушылармен Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов кездесті.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз осы 1 жылдан аса уақыт болды «Қарызсыз қоғам» деген жобаны жүзеге асырдық. Мемлекет басшысы «Қарызсыз қоғам» жобасын былтырғы Жолдауда қолдады. Жалпыұлттық бағдарлама болуы керек деп Үкіметке де, басқа да мемлекеттік органдарға тапсырма берді. Болашақ біздің азаматтарды дайындамасақ, онда оның барлығы зая кетеді. Сондықтан оқушыларымыз бен студенттерімізді дайындау. Қаржылық сауаттылықты арттыру. Осыны оқыту үшін біз мектептерде, университеттерді арнайы бағдарлама енгізу. Өйткені бүгінгі мектептегі оқушыларымыз ертеңгі қоғамның азаматтары. Оларды біз өмірге дайындауымыз керек.

2024 жылы 100 мың студент пен 450 мың оқушы қаржылық сауаттылық бойынша білім алады. Қосымша 200 мың адам оқу курстарынан өтеді. Осылайша, биыл «Қарызсыз қоғам» жобасы 750 мың адамды қамтымақ.

Ғалымжан КЕРІМБЕК, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ «ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ:

Балаға бірінші мың теңге барамыз. Бала оны не істейді? Ол бірінші кезекте, өзінің жеке басына пайдалану үшін шоколад алуы мүмкін, біреуге қарызға беруі мүмкін. Екінші кезекте, бір апта өткеннен кейін, 1 айдан кейін тағы мың теңге берсек, ол ақшаны үнемдеуді үйрене бастайды.

Жиында «Қарызсыз қоғам» жобасының қызметкерлері 600 мың мұғалім, оқушы және ата-аналары арасында арнайы жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен бөлісті. Онда оқушылардың 60%-ы «қаржылық сауаттылық өте маңызды» деген. Ата-аналардың 78 пайызы да осы пікірмен келіскен.

Гүлназ КҮЛСЕЙІТОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Мектеп қабырғасында мектеп мұғалімдері білім мен тәрбие егіз дейміз ғой, осыны әрі қарай жалғастыса қарызсыз қоғамға алып келеді. Демек, балаларымыз ақшаны күнделікті үйдегімен пайдаланып, қазір интернет жүйесі арқылы пайдаланып жатыр ғой. Бірақ оны сауатты түрде пеайдаланудың жолын білмей жатыр да. Енді соны міндетті пән ретінде оқытатын болсақ үлкен нәтижеге алып келеді бұл оқыту курсы.

«Қарызсыз қоғам» жобасы былтыр 2 мамырда басталған. Жобаны іске асыру барысында 150 мыңға жуық адам арнайы оқудан өтті. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін qogamfin.kz онлайн-платформасы әзірленді. Бұл сайт арқылы оқуға жазылып, пайдалы материалдар мен бейне сабақтарды жүктеп алуға болады.