$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Заңсыз лотерея ұйымдастырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Заңсыз лотерея ұйымдастырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Заңсыз лотерея ұйымдастырған 16 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ құқық бұзған тағы 35 факті бойынша материалдар жинақталуда. Жалпы елімізде алғаш рет әлеуметтік желіде заңсыз лотереямен күрес жұмыстары басталды. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев мәлімдеді. Сондай-ақ ол жуырда қабылданған заң аясында атқарылып жатқан біршама жұмыстарға тоқталды.

Мирас ТӨЛЕБАЕВ,  ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Лудомандар мемлекеттік клиникалардан көмек сұрамайтыны жасырын емес. Себебі есепке алынған азаматтар ЖОО-ға түсе алмайды, әскерде қызметтен шеттетіліп, жұмысқа да орналаса алмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 19 лудоман ресми есепте тұр. Әрине, бұл статистика нақты жағдайды көрсетпейді. Пациенттердің көбі өте көп ақша жұмсап, жеке ұйымдарда оңалтудан өтеді. Енді мемлекеттік клиникаларда да анонимдік қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ құмар ойындарға тәуелділер тегін медициналық көмекке жүгіне алады.