$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жамбыл облысында қатты желден 3 адам ауруханаға түсті

18.07.2024ж. 20:00
304
Жамбыл облысында қатты желден 3 адам ауруханаға түсті

Жамбылда нөсер жауын бір айдың ішінде екі ауданның астан кестеңін шығарды. Күні кеше Қордай ауданында 45 метр сикунтқа жел тұрып, арты бұршақ пен қатты жауынға ұласқан. Бірнеше ауыл жарықсыз, газсыз, байланысыз отыр. Көп нысан шатырсыз қалған. Үш тұрғын жарақат алып аудандық ауруханаға түскен. Бір науқастың жағдайы ауыр.

Сара СҰРАНШИЕВА, БАС ДӘРІГЕРДІҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қолдан келген барлық көмекті көрсетіп жатырмыз. Ашық ми жарақатын алған. Бас сүйегі сынған. Омыртқасы жарылып сынған.

Ал Батыс-Қытай - Батыс-Еуропа автодәлізінде тас аралас боран көп көліктің терезесін сындырды.

Бораннан кейін арты нөсер жауынға ұласып, тау бөктеріндегі Соғанды, Бетқайнар ауылда сел жүріп өткен. Ауыл маңындағы көпірді құлатып кеткен.

Саят АҒЫШЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Дауыл болып 28 минуттың ішінде масқара болды ғой. Сымдар ұшып, шатырларымыз ұшып, газ құбырларымыз ұшып, бағаналар құлап.

Ал аудан атқамінерлері Бетқайнар ауылдық округіндегі 700-ге жуық ұсақ мал, 10 бас жылқының суға кеткенін жоққа шығарды.

Бақыт САХАТОВ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ағын су салдарынан алты бас ешкі, бір қой, бір бұзаудың өлексесі анықталды. Беріктас ауылында электр желілерін қосу және қалпына келтіру үшін алты бригада жұмыс атқаруда.

Әзірге зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауданда құлаған талдар мен үйінді қоқыстарды техникалармен тазартып жатыр. Шығын көлемі әзірле есептелген жоқ.