$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақтауда жол апатынан зардап шеккен қыз жансақтау бөлімінде жатыр

AstanaTV
18.07.2024ж. 19:19
129
Ақтауда жол апатынан зардап шеккен қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызды Солдатский жағажай маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

"2015 жылы туған қыздың жағдайы өте ауыр, ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Қазір реанимацияда жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы.

"Тойота Сиенна" автокөлігінің жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін бұзып, салдарынан адам денсаулығына зиян келтірген, көлік құралын немесе басқа да мүлікті бүлдіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік уақытша айыппұл алаңына қойылды.