Ішкі істер министрлігі көші-қонды бақылау саласындағы бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, көші-қон режимін бұзғаны үшін 47 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.
"Алты мың шетелдік елден шығарылды, оларға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды", - деп хабарлады департамент.
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан екі мың жұмыс берушіге айыппұл салынды.
Тұрақты тұратын шетелдіктер арасында екі мың тәртіп бұзушы анықталып, олардың тұруға берілген ықтиярхатынан айырылды.