$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Сауда орталығынан өрт шығып, 16 адам қаза болды

AstanaTV
19.07.2024ж. 14:52
186
Сауда орталығынан өрт шығып, 16 адам қаза болды

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Цзыгунь қаласында сауда орталығы өртенді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Соңғы мәлімет бойынша, 16 адам қаза тауып, 75 адам құтқарылды. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Оның себебін мамандар анықтауға кірісті. Жалын 14 қабатты коммерциялық ғимаратты шарпыған.

Құтқарушылар дер кезінде жетсе де, кейбір адамдарды аман алып қалу мүмкін болмапты.