$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Qarmet" биыл 3,5 млн тонна болат өндірмек

19.07.2024ж. 20:00
254
"Qarmet" биыл 3,5 млн тонна болат өндірмек

"Qarmet" еліміздің ірі өндіріс орындарының бірі. Кәсіпорын биыл 3,5 млн тонна болат өндіруді көздеп отыр. Әзірге комбинат жыл басынан бері жоспар бойынша оң динамиканы көрсетіп келеді. Өндіріс орнында небәрі алты айдың ішінде 1 миллион 660 мың тоннадан астам болат және 1,5 миллион тонна шойын өндірілген. Мамыр айының өзінде Qarmet 330 мың тоннадан астам болат өндірді. Бұл комбинат жұмысының соңғы бес жылдағы ең жақсы нәтижесі.

Андрей БЕРГ, "QARMET" АҚ БОЛАТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Егер сіз желтоқсан мен маусым айларында өндіріс алсаңыз, онда өсім 40% - дан асады. Тиеп-жөнелтудің өзі 30% - дан астам өсуіне қол жеткізілді, тиеп-жөнелту де жоспарлы сандарда жылына 1,5 млн тоннадан астам құрады. Мұның барлығына жұмыстың тұрақтылығы, біріншіден, ресурстарды дұрыс бөлу, жұмысты сауатты жоспарлау және ұйымдастыру арқылы қол жеткізілді.

Технология қарыштап қанша дамығанымен, салада металлургтердің еңбегі зор. Мұнда бүгінде 35 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың барлығы нәтижелі жұмыс істеп келеді. Соның бірі - Дмитрий Павлов. Ол мұнда жиырма жылдан астам уақыт бойы еңбек етуде. Айтуынша, өндіріс орнын ұлттық компания сатып алғанан бері, жағдай айтарлықтай жақсарған.

Дмитрий ПАВЛОВ,"QARMET"АҚ МЕТАЛЛУРГІ:

Қазір олар модернизация жүргізіп жатыр, бір жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді төртінші Домна пешінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы, ақша жабдыққа салынады. Жақсартулар байқалады. Жалақы төленеді, олар жаңа төлем жүйесін енгізуге уәде береді, KPI - біз көбірек аламыз деп ойлаймыз.

Сонау 1944 жылдан бастап Qarmet Қазақстанда ішкі қажеттілікті болсын, экспорттық сатылымды болсын қамтамасыз етіп келе жатқан ірі әрі бірегей кәсіпорынның бірі. Айта кетейік, бүгінгі таңда компанияда өндірістік объектілерді ауқымды жаңғырту және реконструкциялау, еңбек жағдайларын жақсарту және заманауи экологиялық стандарттарды енгізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.