$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Су тасқынының салдарын жоюға қосымша 22,7 млрд теңге бөлінді

Су тасқынының салдарын жоюға қосымша 22,7 млрд теңге бөлінді

Үкімет көктемгі су тасқынының салдарын жоюға тетенше резервтен қосымша 22,7 млрд теңге бөлді. Қаулыға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойды. Бұл қаражат Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар мен көпірлерді, су өткізгіш құрылымдарды қалпына келтіруге, қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары үшін әкімдіктерге бөлінеді. Қаржы тасқыннан бүлінген жол бөліктерін уақытылы қалпына келтіруге мүмкіндік береді.