$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда құрастырылатын алып жүк көліктері мен автобустар саны артады

AstanaTV
28.02.2017ж. 20:00
2322
Қазақстанда құрастырылатын алып жүк көліктері мен автобустар саны артады

Қазақстанда алып жүк көліктері мен автобустар құрастырудың үлес салмағы артады. 2018 жылы осындай алып техникалар шығару көлемін 20 мың данаға дейін көбейту көзделген. Бұл туралы автокөлікшілер форумында айтылды. Отандық көлік компанияларының менеджерлері коммерциялық автотехниканы экспорттау бағдарламасына мемлекеттік деңгейде қолдау қажеттігін алға тартып отыр. Автобизнес қауымдастығының өкілдері болса, көптеген мәселе туындайтынын жеткізді. Темір тұлпар құрастырушылар сондай-ақ экспорт үшін тәуекелді сақтандыру жүйесіне көңіл бөлуді сұрап отыр.

Анар Мақашева, көлік компаниясының өкілі:


Елімізде коммерциялық техниканы шығарушылар негізінен экспортқа басымдық береді. Жоспар бойынша алдағы үш жылда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы экспортымыз 5 мыңға жетеді деген болжам бар.

Жалпы елімізде алып жүк көліктері мен автобустардың немесе коммерциялық техниканың саны 500 мыңға жуық. Сексен пайызы - шығарылғанына он жылдан асқан ескі көліктер. Ал зауыттан шыққанына үш жыл болған жаңа техникалардың үлесі әзірге тек 3 пайыз. Алдағы он жылда ішкі және сыртқы нарықты жаңа техникамен қамтамасыз ету арқылы бұл көрсеткішті жақсартуға мүмкіндік бар.