$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Әріптесін интимді видеомен бопсалаған екі ақтөбелік 4 жылға сотталды

AstanaTV
20.07.2024ж. 04:26
146
Әріптесін интимді видеомен бопсалаған екі ақтөбелік 4 жылға сотталды

Ақтөбе облысында әріптесінен ақша бопсалаған екі ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Интимдік сипаттағы видеоның жігітке қалай жеткені белгісіз. Алайда, қолына айғақтарды алған ол досын видео кейіпкерін бопсалауға шақырған. 

Алғашында екі ер адам әйелден 150 мың теңге талап еткен. Кейіннен видеоны әлеуметтік желіде таратамыз деп қорқытып, 300 мыңға дейін көтерген. Әйел бопсалаушылардың айтқанына көнбей, олардың үстінен полицияға арыз жазған.

Бопсалаушылардың бірі ақшаны алып жатқан жерінде ұсталса, екіншісі арадан көп уақыт өтпей қолға түсті.  

Алайда жәбірленуші оларды кешіріп, түрмеге қамамауын өтінген. Сот жігіттердің бірін 4 жылға, екіншісін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.