Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында тас жол көпірінің бір бөлігі опырылып, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілетеме жасап KAZINFORM хабарлады.
«Чжашуй уезі Шанло қаласында орналасқан көпір жұма күні кешкі сағат 20:40 шамасында кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құлады», - деп хабарлады жергілікті билік.
Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша құтқарушылар өзенге құлаған бес көлікті тапты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.