$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Балқашта төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

AstanaTV
20.07.2024ж. 15:04
166
Балқашта төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Балқаш қаласында үйдің екінші қабатындағы терезеден төрт жасар бала құлап кетті. Бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқыс оқиға 19 шілде күні болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бала ересектердің қарауынсыз болған және москит торына сүйеніп, терезеден құлап кеткен.

«Зардап шеккен баланы көп жарақаттармен ауруханаға жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады облыстық ТЖД.