$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жапондық гимнаст шылым шегіп, ішімдік ішкені үшін Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды

AstanaTV
20.07.2024ж. 17:18
214
Жапондық гимнаст шылым шегіп, ішімдік ішкені үшін Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды

Жапонияның спорттық гимнастика қауымдастығы команда капитаны Секо Миятоны ішімдік ішіп, темекі шеккені үшін Париж Олимпиадасына қатыстырмайтын болды. Өйткені елде бұған 20 жасқа толмаған адамдарға қатаң тыйым салынған. Ал спортшы 19 жаста, деп хабарлайды Kazinform Kyodonews-ке сілтеме жасап.   

Монакодағы жаттығу базасынан оралғаннан кейін гимнаст маусым айының соңынан бастап заңсыз ішімдік пен темекі тұтынғанын мойындаған. Бұл ақпарат пайда болған соң, Жапонияның гимнастика қауымдастығының жетекшісі Тадаши Фудзита баспасөз мәслихатын өткізіп, Секо Миятоның Париждегі Олимпиадасынан шығарылғанын мәлімдеді.

Жапония Олимпиада комитеті бұл жағдай ел тарихында алғаш рет болғанын айтып отыр. С.Миятоның болмауы халықаралық жарыстарда ұлттық құраманың өнер көрсетуіне елеулі әсер етеді. Ол ұлттық чемпионатта жеңіске жетіп, Олимпиадаға жолдама жеңіп алған еді.

Әлеуметтік желілерде жапондықтар бұл оқиғаны екіұшты бағалады. Кейбір азаматтардың айтуынша, мұндай теріс қылықтан гөрі елдің спорт командасының халықаралық имиджі маңызды. Жапония атынан өкілдік ету мүмкіндігінен айыру – ауыр жаза, ал командада қалған гимнасттардың медаль жеңіп алу мүмкіндігі аз. Сондай-ақ қауымдастық шешімі жас Миятоның спорттық мансабына нүкте қоюы мүмкін.