Семейде екі күннен бері 9 жасар баланы іздеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Абай облысының ПД қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.
Киген киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорттар, қара және жасыл түсті кроссовка.
«Абай облысының Полиция департаменті облыс орталығының тұрғындарына 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекенжайынан белгісіз бағытта шыққан және қазіргі уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған Маненов Алинұр Ерланұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш жасайды.
Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефон арқылы хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.