$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Димаштың шоу-концерті өтеді

AstanaTV
20.07.2024ж. 23:25
207
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Димаштың шоу-концерті өтеді

 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астана төрінде Димаштың шоу-концерті өтеді. Бұл туралы Димаштың анасы Света Айтбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды KAZINFORM. 

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына» дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар… Келеді барлық әлем Астанаға, Қонады Астанаға барша құстар» деген әнімізбен баршаңызды күтеміз», - деп жазды Света ханым.