$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады

AstanaTV
21.07.2024ж. 12:12
543
Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

– Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.