Алматы әкімдігі қала басшысы Ерболат Досаевтың атынан қазақстандықтарға WhatsApp мессенджерінде жалған хабарлама жіберілгені туралы ескертеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті хабарламаны қалалық әкімдік 2024 жылғы 21 шілдеде жариялады.
"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың атынан WhatsApp мессенджерінде жалған хабарламаларға байланысты, сізден мұндай хабарламаларға жауап бермеуіңізді және жалған хабарламаларға сенбеуіңізді сұраймыз. Сіздің ақшаңызды заңсыз алу үшін интернет-алаяқтар жіберіп жатыр", – делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында.