$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тұрғындар «Нұр Отанның» шарапатын көруде

AstanaTV
28.02.2017ж. 20:00
2787
Тұрғындар «Нұр Отанның» шарапатын көруде

Тұрғындар «Нұр Отан» партиясының шарапатын көруде. Қызылжарда партияның ұйытқы болуымен мүмкіндігі шектеулі қос жеткіншек ноутбукке ол жеткізді. Аутизм дертіне шалдыққан 10 жасар Айдана Какиенова мен әпкесі Камила Жаңа жыл қарсаңында Аяз Атадан сыйлық сұрап хат жазған. Жасөспірімдердің мұқтаждығы туралы естіген партиялықтар тез арада демеуші іздеп, жергілікті университеттен қолдау тапты. Артынша қыздардың арманын іске асырды. Бүгінгі салтанатты кездесуде сыйлық иесін тапты.

Камила Какиенова, Айдана Какиенованың әпкесі:

Осы компьютер менің сіңліме өте қажет. Ол онда мультфильмдерді көреді, ойындарды ойнайды. Және ол маған да өте керек. Рефераттарды жазу керек. Тағы да сабақтарды оқу керек. Біздің арманымыз орындалып жатыр. Мен оған қатты қуаныштымын.

Шынарай Жұмабекова, "Нұр Отан" партиясы «Болашақ» филиалының мүшесі:

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар ғой. Ол өте керемет айтылған сөз. Біз де осындай артымыздан келе жатқан інілеріміз бен сіңілдерімізге қамқор болып жүрсек, осындай іс-шаралар алдағы уақытта өзінің жалғасын таба берсе, біздің Қазақстанымыз одан сайын гүлденер еді деп ойлаймын.

Ал шымкенттік Фарида Алтаева «Нұр Отан» партиясының аймақтағы қоғамдық қабылдауы арқасында жұмысқа орналасты. Қазір «Болашақ» мектебінде еңбек етіп жүр. 1-сыныптың балғындарына дәріс беретін ұстаз 2014 жылы Өзбекстаннан қоныс аударған. Екі қолға бір күрек тапқан оның партияға алғысы шексіз.