$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Павлодар облысының тасжолында болған жол-көлік оқиғасында төрт адам зардап шекті

AstanaTV
22.07.2024ж. 05:11
159
Павлодар облысының тасжолында болған жол-көлік оқиғасында төрт адам зардап шекті

Павлодар облысының тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 шілдеде "Қалқаман-Керней" жол бағытымен келе жатқан TOYOTA ALPHARD жүргізушісі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып, CHERY TIGGO 2PRO көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасы төрт жолаушыны Екібастұз қаласының орталық ауруханасына жеткізді.

Көліктер айып тұрағына қойылды.

Полиция жол апаты бойынша тексеріс ашты.