Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«SpaceX» айға адамдар жіберуге ниетті

AstanaTV
28.02.2017ж. 20:00
2629
«SpaceX» айға адамдар жіберуге ниетті

Ғарыштық техника шығаратын «SpaceX» компаниясының негізін қалаушы Илон Маск адамдарды айға жібермекші. Қазірдің өзінде екі адам жер серігін айналып шығатын саяхатқа қатысқысы келетінін мәлімдеген. Ғарыш кемесін ұшыру келесі жылдың аяғына жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Рейтерс.

Құрастырушылардың айтуынша, ғарыштық саяхат басынан аяғына дейін автоматтық режимде өтеді. Туристер айға құны 90 миллион доллар тұратын «Falcon Heavy» зымыранымен ұшады.

«SpaceX» бұдан бұрын да атышулы мәлімдемелер жасаған болатын. Мысалы, компания 2018 жылы Марсқа адамдар жібереміз деп, кейін оны екі жылға шегерген. Айға ұшқысы келетін туристер мен саяхат құнының қанша болатыны әзірге құпия. Айта кетейік, «SpaceX»  компаниясының бір зымыраны өткен жылы жарылып кеткен болатын