$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Қызылордада тұрғындарды 13 миллион теңгеге алдаған алаяқ сотталды

AstanaTV
22.07.2024ж. 17:41
330
Қызылордада тұрғындарды 13 миллион теңгеге алдаған алаяқ сотталды

Қызылорда тұрғыны облыстың алты тұрғынының сеніміне кіріп, ақшасын заңсыз иемденген. Кейбір жәбірленушілерді "жұмысқа орналастырып беремін" деп алдаса, кейбірінің жеке деректерін пайдалана отырып, 4 миллион теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен – 13 миллион теңге.

Тергеу барысында күдікті азаматша жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

№ 2 Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.