$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Атырауда суға кеткен ағалы - інілі жасөспірімдердің бірінің денесі екі күннен соң табылды

22.07.2024ж. 20:00
192
Атырауда  суға кеткен ағалы - інілі  жасөспірімдердің бірінің денесі  екі күннен соң табылды

Атырауда суға кеткен ағалы - інілі жасөспірімдердің бірінің денесі екі күннен соң табылды. Қайғылы оқиға 20-шілде күні Көкарна шағын ауданы тұсындағы Жайық өзенінде болған. Құтқарушылардың айтуынша, бір үйдің 13 және 14 жастағы қос баласы жабдықталмаған жерде суға шомылған. 2011 жылы туған інісін сол күні кешкісін 4 жарым метр тереңдіктен тапты. Ал 2010 жылы туған ағасының денесі бүгін таңертең оқиға орнынан 5 шақырым қашықта су бетіне шығып қалған.

Есбол ДАРҒОЖИН, ҚҰТҚАРУШЫ:

Екіншісі жағаға қалқып шыққан. Ол жерде жұмыс жасау өте қиын. Себебі теріс ағыс су қайтуына байланысты. Жайық өзенінің ағысы қатты.

Атырау облысы аумағындағы су айдындарында жыл басынан бері 9 жазатайым оқиға болған. Оның 4еуі балаға қатысты. Айта кетейік, аймақтағы төтенше жағдайға байланысты жағажайлар әлі ашылған жоқ. Мамандар Жайық өзені қауіпсіз деңгейге түспегенін қатаң ескертіп, суға шомылмауға кеңес береді.