Бас қалада бірінші тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 110 теңгеге өспек. Ол туралы Елорда әкімдігі мәлімдеді. Бұл шешімге тұрғындардың пікірі екі түрлі.
БЛИЦ- САУАЛНАМА:
- Автобусты көбейту керек, көп күтесің. Оның просто так бағасын көтере бергеннен гөрі.
- Проезді өсіру деген болмайды ғой ол.
- Әркімнің нәсібі, ол 20 теңге, 30 теңгеде тұрған ештеңе жоқ.
Астана 10 жылдан бері баға өзгерген жоқ. Жол ақысының қымбаттауына қоғамдық көлік құралдарының шығындары себеп дейді жауаптылар.
Райымбек ҚАБИБОЛЛА, ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Күніне шамамен 90 мыңға жуық жолаушы жол ақысын төлемейді. Яғни ол күніне 8 млн теңге, айына алатын болсақ 240-250 млн теңгені құрайды, бір жылға ол 3 млрд теңгені құрайды.