$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Петропавлдағы “Таза Қызылжар” акциясына үш мыңнан астам адам қатысты

22.07.2024ж. 20:00
221
Петропавлдағы “Таза Қызылжар” акциясына үш мыңнан астам адам қатысты

Петропавлдағы “Таза Қызылжар” акциясына үш мыңнан астам адам қатысты. Қаланың белсенді азаматтары Петропавлдың шетінде орналасқан Мещан орманын қоқыстан тазалады. Жалпы тазартылған аумақ шамамен үш шақырымды қамтыды.

Ғауез НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз тасқын салдарын жойып жатырмыз. Механикалық топтар апатты үйлерді бұзумен айналысса, қала тұрғындары көше-саябақтарды тазартып жатыр. Мещан орманынан кейін Алакөл көліне кірісу керек. Жалпы Таза Қазақстан акциясы басталғалы 150 мыңға жуық адам атсалысты. 

Еріктілердің арасында қариялар да бар. Тоқсан жасқа таяп қалған ақын Владимир Тимошин таза қаланы кейінгі ұрпаққа аманат ретінде қалдырмақ. 

Владимир ТИМОШИН, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

Біздің ұрпақ еңбекке үйренген. Мен жаман ауруға шалдықсам да, ауыр жұмыстан қашқан емеспін. Енді осыны кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Жастарды еңбекке баулу - біздің парызымыз.