$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақшұқыр кентінің спортшылары өңірдегі демалыс орындарын қоқыстан тазартты

22.07.2024ж. 20:00
221
Ақшұқыр кентінің спортшылары өңірдегі демалыс орындарын қоқыстан тазартты

Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр кентінің жағалауы қоқыстан тазартылды. "Таза Қазақстан"экологиялық акциясы аясында өткен шараға "AMANAT" партиясының мүшелері, эко-белсенділер мен спортшылар және тұрғындар қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, маңғыстаулықтар бұл акцияға акцияға белсенді қатысып келеді.

Абзал МАРАТ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір жаз мезгілі. Келетін туристер, осы қала қонақтары барлығы теңіздің жаға жайына келеді. Жағажайда қалдықтар яғни қоқыс өте көп. Біздің мақсат әлеуметтік желі арқылы БАҚ арқылы өзіміздің отандастарымызға, қонақтарымызға үндеу тастау. Табиғатты аялайық!