×

Таразда өрік пен шие ағаштары гүлдеді

AstanaTV
09.03.2016ж. 20:00
6080
Таразда  өрік пен шие ағаштары гүлдеді

Ал, Таразда өрік пен шие ағаштары гүлдеді. Мезгілінен ерте бүр жарған бұтақтардағы ақ және қызғылт түсті күлтелер көздің жауын алады. Қазір қалада жұпар шашқан жеміс ағаштарына қонған бал аралары мен көбелектерді де көптеп кездестіруге болады. Шие ағашы, негізі сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Бірақ биыл аймақта қыс аса жайлы болды,сол себепті жеміс ағаштары ерте гүл ашты, -дейді тұрғындар. Қазір өңірде ауа-райы жылы.Сынап бағанасы +20 градусты көрсетіп тұр. Сондай-ақ, сирень ағаштары да жапырақ жайып, гүл бүртіктері пайда бола бастаған. Айта кетейік, биыл қаңтар айында Таразда бақбақ гүлдеген болатын.

Айкерім Жұбанова:

Өткен жылға қарағанда ерте гүлдеді. Шөптер де ерте шығып. Басқа қалаларға қарағанда Тараз жылы қала. Өйткені, былай гүлдегенін мен бірінші рет көріп тұрмын.

Бибісара Ордабаева:

1-ші наурыздан бастап гүлдеді. Биыл күн өте жылы болды ғой, қыс көрмедік. Құдай қаласа, биыл өріктің жемісін жейміз ба деп қуанып отырмыз. +Бізде жылда наурыздың аяқ жағына қарай гүлдеуші еді ғой. Онда қыс болатын да, қар ерімей жататын. Салқындау болатын. Сол себепті гүлдемейтін.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ