Түркістан облысының тұрғыны Шымкенттегі мешіттің бірінде ұялы телефон ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бір күнде екі азаматты гаджетсіз қалдырып, бір кішкентай баланың ұялы телефонын алдап иемденген.
Полиция оны мас күйінде кезекті рет ұрлық жасаған кезде ұстады. Тәртіп сақшылары телефондарды заңды иелеріне қайтарды.
Ұсталған ер адамға қатысты тергеу жүргізілуде.