$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізге рулі оң жақтағы көліктерді бөлшектеп әкелуге салынған тыйым тағы ұзартылмақ

AstanaTV
23.07.2024ж. 03:24
241
Елімізге рулі оң жақтағы көліктерді бөлшектеп әкелуге салынған тыйым тағы ұзартылмақ

Елімізге рулі оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге тағы 6 айға тыйым салынбақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың бұйрығы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елімізге оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге биылғы қаңтарда уақытша тыйым салынған болатын.

«Рулі оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін», - делінген жаңа бұйрық мәтінінде. 

Бұйрықтың түсіндірме жазбасында, жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдары қарастырылмағаны айтылған. 

Жоба 2 тамызға дейін көпшілік назарына талқыға ұсынылып отыр.