$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада кісі өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болды

AstanaTV
23.07.2024ж. 04:41
239
Астанада кісі өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Астанада ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасап, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Желіде ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салып, одан кейін өзін-өзі өлтірмек болды деген ақпарат тарап жатыр.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Аталған факті бойынша Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Ведомство күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы түсінік бермеді.

Астана полиция департаменті тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайтынын ескертті.