$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Хорватиядағы қарттар үйіне қарулы шабуыл жасалды

AstanaTV
23.07.2024ж. 08:17
119
Хорватиядағы қарттар үйіне қарулы шабуыл жасалды

 Кемінде бес адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, отставкадағы әскери қызметкер анасын өлтірген, деп жазады Еuronews-ке сілтеме жасап KAZINFORM.

«Шабуылдаушы дүйсенбі күні Хорватияның орталық бөлігіндегі Загребтегі қарттар үйіне кіріп, бірнеше адамды өлтіріп, жарақаттады», — деп хабарлады Хорватия полициясы.

Соңғы мәліметтер бойынша, бес адам қаза тапты, жеті адам жарақат алды, олардың бесеуі ауыр жағдайда.

Index жаңалықтар порталы бес адамның оқиға орнында қаза тапқанын, қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

«Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ полиция оны көп ұзамай Дарувар қаласындағы дәмханада ұстады», — делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, ер адам атыс қаруын қолданған.

N1 облыстық телеарнасы күдіктінің 1973 жылғы екенін хабарлады. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, отставкадағы әскери адам қарттар үйіндегі өз анасын өлтірген.

Дарувар — 8500 халқы бар Славониядағы курорттық қала және муниципалитет.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.