$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Париж-2024: Нысана көздеу мен спорттық гимнастикадан ел намысын кімдер қорғайды?

AstanaTV
23.07.2024ж. 09:47
221
Париж-2024: Нысана көздеу мен спорттық гимнастикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 3 күн қалды.

Олимпиадаға баратын спортшылардың қысқаша мәліметтері:

Нысана көздеу

Ислам Назарғожайұлы Сатпаев – 1998 жылы 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 

Арина Романовна Алтухова – 2003 жылы қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Никита Константинович Чирюкин – 2002 жылы 5 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген.

Константин Константинович Малиновский – 1999 жылы 3 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2 мәрте қола жүлдегері.

Ирина Дмитриевна Юнусметова – 2001 жылы 25 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген.

Александра Георгиевна Ле – 2004 жылы 3 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Спорттық гимнастика

Милад Карими – 1999 жылы 21 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 2023 жылы Бельгиядағы әлем чемпионатында көпсайыстан қола жүлдеге ие болды.

Нариман Хусанжанович Курбанов – 1997 жылы 6 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 2023 жылы Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарында тұңғыш рет ат снарядындағы жаттығудан жүлде алды.