$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақтөбеде көлікке соғылған екі велосипедші қаза тапты

AstanaTV
23.07.2024ж. 15:37
158
Ақтөбеде көлікке соғылған екі велосипедші қаза тапты

Ақтөбе қаласында жеңіл көлік пен велосипед соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 23 шілде күні сағат 00:50-де тіркелді. Қаладағы Ақжар-1 ауылы маңындағы айналма жолмен жүріп келе жатқан көлік жүргізушісі велосипедке соқтығысқан.

Салдарынан велосипедтегі 25 және 26 жастағы екі жігіт қайтыс болды.Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөліктің 34 жастағы жүргізушісі қамауға алынды.