$537.75 €626.43 ₽6.71
×

Түркістан облысында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында 300 тонна қоқыс шығарылды

Түркістан облысында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында 300 тонна қоқыс шығарылды

Түркістан облысында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық шарасы өтті. Тазалық жұмыстарына 30-ға жуық техника мен 18 мекеме қызметкерлері және мыңға жуық қала тұрғындары қатысты. Олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Жеңіс саябағы айналасын қоқыстан тазартып, ағаштарға күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Қала көшелерінен 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Айта кетейік, шара қаланың 10 аумағында ұйымдастырылды. 

Дидар ХАМЗА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

Қалада көптеген акция жүріп жатыр осы тазалық акциясына байланысты. Тазалық акциясын қолдаймыз. Міне қаламыз күннен күнге көркейіп, өсіп, дамып келе жатыр. Жасыл қалаға айналып келе жатыр.