$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды

23.07.2024ж. 20:00
195
Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды

Ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды. 31 жастағы ер адамның денесін 85% күйік шалған. Жергілікті мамандардан бөлек, Астана мен Ресейден келген дәрігерлер барын салғанымен, жанын аман сақтап қала алмады. 

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болғандықтан жағдайдың бәрін біліп отырмыз. Қайтыс болған науқастың терісінің 80 пайыздан астамын күйік шалған. Полиорганды тапшылық дейміз, жүрекке, бүйрекке соғатын асқынудан көз жұмғанын дәлелдеп отырмыз.