$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматы облысында 4 ай бұрын жоғалып кеткен бүлдіршін өлі табылды

23.07.2024ж. 20:00
122
Алматы облысында 4 ай бұрын жоғалып кеткен бүлдіршін өлі табылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 4 ай бұрын жоғалған бүлдіршіннің мүрдесі табылды. Наурыз айының 17-і сағат 16:00 шамасында үш жасар қыз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған қызды полицейлер, құтқарушылар мен ауыл тұрғындары іздеген еді. Қазір полицейлер күдіктілерді анықтап, қамауға алған.

Ернар СӘЙДІЛДИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полицясына адам сүйек қалдықтарының табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта қалдықтар сот медициналық және генетикалық сараптамаларды тағайындау үшін жолданды. Болжам бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында жоғалған үш жасар қызға тиесілі.