Алматы облысы Асыл арман тұрғын үй кешенінің ауласында ер адам 8 жастағы баланы аяусыз соққыға жыққан. Бейнежазбадан бейтаныс ер адамның баланың басына ауыр соққы жасағаны байқалады. Баланың басы айналып құлап, орнынан тұрған сәтте самокатпен сол аяғын жарақаттаған. Көшедегі адамдар араға түсіп, арашалап қалған. Баланың аяғы сынған. Еркін күрестен жеткен жетістігі аз емес. Туыстары жарақатынан енді спортпен айналыса алмайды деп отыр. Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе заңға сәйкес жазаланады.