$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде мопед пен скутер тізгіндеген 10 жасөспірім жол көлік апатынан қаза тапқан

Елімізде мопед пен скутер тізгіндеген 10 жасөспірім жол көлік апатынан қаза тапқан

Елімізде жыл басынан бері мопед пен скутер тізгіндеген 180 жасөспірім жол көлік апатына ұшыраған. 10 кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Жалпы екі дөңгелекті көлік түрімен 154 жол көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады. Сондай-ақ министрлік өкілі жыл басынан бері 21 мыңнан астам отбасы тексерілгенін айтып өтті. 7 мыңнан аса жанұяда балалар өгей әке немесе өгей аналарымен тұрады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 800-ден астам отбасы анықталған.

Шыңғыс Әлекешев,  ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Балаларды тәрбиелеуде міндеттерін атқармайтын 3 мыңнан аса ата-ана профилактикалық есепке қойылды. Жалпы мұндай есепке 6 мыңнан астам ата-ана қойылған. Оларға қатысты кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларда 3495 материал қаралды. Сот 300-ден аса адамды ата-ана құқығынан айырып, тағы 240 адамның құқығын шектеді. Сондай-ақ ата-ана міндетін орындамаған 6 мыңнан астам тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.