Астанада адам өлтірді деген күдікті өзіне қол жұмсамақ болды. Қайғылы жағдай Байқоңыр ауданындағы пәтерлердің бірінде болған. 67 жастағы ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған пышақпен шабуыл жасады. Кейін өзі де қарнын жарып өлмек болған. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция тергеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша іс қозғалып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.