$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Астанада 14-ші қабаттан секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды

23.07.2024ж. 20:00
239
Астанада 14-ші қабаттан секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды

Астанада 14-ші қабаттан секірмек болған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Сот отырысы барысында азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Ол сондай-ақ мас болғанын және жұбайын қорқытқысы келгенін айтқан.

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Азамат мас күйінде 14 қабаттың терезінде ілулі тұрған. Балағат сөздер айтқан. Сот қаулысымен азамат 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.