Енді ауылдарда салынатын медициналық нысандарды денсаулық сақтау министрлігі мамандары аралап тексереді.Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты. Ол медициналық нысан құрылыстарының жұмысын барынша жандандыру қажеттігін тапсырды.
Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері мен әкімдіктер қалған жобаларды қаржыландыру мәселесін шешу бойынша шұғыл шаралар қабылдасын. Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде объектілерді аралай отырып, құрылыс жұмыстары аяқталғанша мониторинг жүргізсін.