$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Төрт түлікті чиптеп, жарық шағылыстыратын лента байлау - жол көлік оқиғаларының санын едәуір азайтады", - маман

23.07.2024ж. 20:00
331
"Төрт түлікті чиптеп, жарық шағылыстыратын лента байлау - жол көлік оқиғаларының санын едәуір азайтады", - маман

Ақмола облысына қарасты күре жолдарда жыл басынан бері 77 жол көлік оқиғасы тіркелген. 25 адам жан тапсырды. 131 адам зардап шеккен. Оқыс оқиғаға көбіне жол бойында қараусыз жүрген жануарлар себеп болады. Қайғылы жайттың алдын алу үшін мамандар шаруа қожалықтарына мүмкіндігінше жануарларды чиптеп, жарық шағылыстыратын ленталар байлауды ұсынады. Бұл жол қауіпсіздігін сақтауға септеспек. Сондай-ақ, жолды күтіп ұстау бойынша да бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда.

Бақдәулет БЕКСҰЛТАНОВ, "ҚАЖСЕРВИС" ЖШС ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Еліміздің азаматтарын сапалы және қауіпсіз жолмен қамтамасыз ету мақсатында автомобиль жолдарында бүгінгі таңда жол таңбалау жұмыстары, жол белгілерін орнату сонымен қатар, цемент-бетон жабындыларының жарықтарын бекіту, оларды қалыпқа келтіру, осьтік брустар орнату, жол жиегіндегі шөптерді жұлу, санитарлық тазалыққа қатысты жұмыстарды ұйымдастырып отыр.