$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Алматыда ең үздік отбасы анықталып, сыйақы табысталды

AstanaTV
23.07.2024ж. 20:00
360
Алматыда ең үздік отбасы анықталып, сыйақы табысталды

Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі бойынша марапаттау рәсімі өтті. Биылғы сайыс мамыр айында басталған болатын. 235 отбасы өтінім білдірген, соның ішінде тек сегізі жеңіске лайық деп танылды.

Айдар ЕСЕНБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін біз «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қорытындысын шығарып, соның жеңімпаздарын марапаттап жатырмыз. Бұл конкурстың мақсаты отбасы институтын насихаттау, отбасылық тәлім-тәрбиені насихаттап, елімізде сондай өнегелі отбасыларды алға шығарып, құрметтеу.

Айта кетейік, қатысушылар арнайы 10 талап бойынша іріктелді. Жеңімпаздар құр қол қалмады. Үздік деп танылған 8 әулетке 400 мың теңге сыйақы табысталды. Ал, теміржолшылардан құралған «Қапышевтар» жанұясы бас жүлдені еншіледі.

Мұрат ҚАПЫШЕВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Біз осы теміржол саласында 3 ұрпақ боп жұмыс жасап келе жатырмыз. Менің балам, екі қызым бар. Үш балам сол үшеуі де теміржол саласында істеп жатыр. Әкемізден бастап санағанда 26 ұрпағы теміржол саласында істеген екен. Осы 26 ұрпақтың еңбек өтілімдерін бәрін қосып санағанда 826 жылдан асып отыр.

Қапышевтар әулеті мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олардың ендігі мақсаты – әулеттегі келесі буынды үздік теміржолшылар етіп тәрбиелеу. Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңі қыркүйек айында Астанада өтеді. Қазақстанның әр өңірінен жиналған үздік әулеттер бақ сынайтын болады.