$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жұтабаевтар әулетінің 3 буыны теміржол саласында бір ғасырдан астам еңбек етіп келеді

23.07.2024ж. 20:00
404
Жұтабаевтар әулетінің 3 буыны теміржол саласында бір ғасырдан астам еңбек етіп келеді

Марат Алдамұратұлы 44 жыл темір жол саласында қызмет етіп жүр. Әкесі Алдамұраттың жолын жалғаған еңбек адамы қатардағы маманнан басқарма басшылығына дейін көтеріліп,қажырлы еңбегімен елге танылды.

Марат ЖҰТАБАЕВ, ТЕМІРЖОЛШЫ,ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ:

Әкемнің бұрын сол теміржолда станция дейді. Шиелі стансасында құрама составтарды жұмыс істеп жүрген кезінде бала кезімде кішкентай кезімнен, әрбір өтіп жүрген кезімде соны көріп қызығатынмын.Сол әкем арасында жұмысқа алып барып, көрсетіп.Сол бала кезімдегі арманым теміржолшы болу.

Жұтабаевтар әулетінің 3 буыны теміржол саласында бір ғасырдан астам еңбек етіп келеді. Атасы Алдамұрат бастаған жұмысты,баласы Марат, немересі Азамат,Ақтілек, Ақсамал жалғастырып жатыр.

Ақтілек ЖҰТАБАЕВ, ЖОЛСЕРІК:

Әкемнің және ағамның осы салада жұмыс істеп келе жатқанын көзіммен көріп, сол кісілердің ізімен еріп.Сол салаға жұмысқа баруға шешім қабылдап, оқуын оқып.Қазіргі таңда сол теміржол саласында жолсерік болып жұмыс істеп жатырмын.

Ақсамал ЖҰТАБАЕВА, ИНЖЕНЕР:

Мен теміржол саласында бірінші дәрежелі инженер болып жұмыс істеймін. Тобыл оқшаулау байланыс стансасында. Бұл теміржолға келуімнің ең бірінші себепкері болған біздің әкеміз. Сол кісінің бағыт-бағдарымен осы радиотехника және телекомуникация факульеттін оқып бітіріп, және осы салада жұмыс істеп жатырмын қазір.

«Құт еңбектіге бітеді» демей ме дана қазақ. Маңдай тер, адал еңбегімен абыройы асқақтаған Марат Алдамұратұлының ерен еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы атағын алды.Теміржол саласында тер төгіп жүрген текті әулеттің мерейі үстем, бірлігі бекем.