$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматының «Қайрат» клубы суперкубоктың иегері атанды

AstanaTV
09.03.2016ж. 20:00
1487
Алматының «Қайрат» клубы суперкубоктың иегері атанды

Алматының «Қайрат» клубы суперкубоктың иегері атанды. «Астана-Арена» стадионында «Астана» командасымен сынға түскен Александр Бородюктің шәкірттері пенальти сериясында жеңіске жетті. Кездесудің негізгі уақыты тартысты өтті.  Екі команда алма-кезек шабуылға шығып, есеп ашу үшін аянып қалмады. Дегенмен, қауіпті сәттерде қателікке бой алдырмаған қақпашылар шеберлігімен көзге түсті. Негізгі уақыт пен экстра таймда жеңімпаз анықталмағандықтан командалар пенальти сериясында бақ сынады. Бағы жанған алматылық ұжым 5-4 есебімен басым түсіп, клуб тарихында алғаш рет суперкубоктың иесі атанды. Еске салайық, бұған дейін «Астана» командасы суперкубокты екі мәрте иеленсе, «Ақтөб е» футболшылары бас жүлдені үш рет жеңіп алды.

Александр Бородюк, «Қайрат» клубының бас бапкері:

Жігіттерге алғысым шексіз. Олар  өздеріне жүктелген міндетті орындап шықты. Бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге де үлкен рахмет. Жасанды көгалда ойнау оңай болған жоқ. Көп күш жұмсадық. Дегенмен, еңбегіміз бағаланып, бас жүлдені жеңіп алдық.

С. ҚАНАҒАТОВ