$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Қырғызстанда тағы да алапат сел жүрді

AstanaTV
24.07.2024ж. 07:25
123
Қырғызстанда тағы да алапат сел жүрді

23 шілде күні Қырғызстанның Жалал-Абад облысына қарасты Арстанбап ауылында қатты сел жүрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан бір аурухана, сауда үйі, бес көпір зақымданып, 23 автокөлікті су шайып кеткен.

Толассыз жауған жаңбырдан кейін ауылға үлкен су ағыны түскен.

Министрлік құтқарушылардың селдің зардаптарын жоюмен айналысып жатқанын атап өтті.