Қазақстанда алғаш рет ұрықтың несеп шығару жүйесінің туа біткен ақауларын түзету үшін жатырішілік араласу жүргізілді. Бұл туралы 2024 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Операция шетелдік мамандардың қатысуымен мастер-класс шеңберінде UMC клиникасының базасында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өткізілді.
"Жүктіліктің 19-шы аптасында әйелде ұрықтың даму ақауы анықталды. Пренаталдық консилиум ұрықтың қуығын жатырішілік дренаждау қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Бұл өкпе гипоплазиясының алдын алу және болашақ нәресте бүйрегінің қалыпты жұмысын сақтау үшін қажет."
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі