$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Ұлытау облысында экологиялық акция аясында 90 тонна қоқыс жиналды

24.07.2024ж. 20:00
241
Ұлытау облысында экологиялық акция аясында 90 тонна қоқыс жиналды

Ұлытау облысында 90 тоннадан астам қоқыс жиналды. "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы экологиялық шара өңірдің барлық аймағында жалғасуда. Тазалық жұмыстарына 4600 адам қатысып, 63 арнайы техника жұмылдырылған. Соның нәтижесінде өлкедегі өзен-бұлақтың айналасы тазарып, елді-мекендердегі түрлі орындар ретке келтірілді.

Гүлнара АЙТУБАЕВА, ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаяу жүргінші жолдарын, тас жол маңайларын, бордюрдың маңайындағы құмарды, ұшып жатқан қоқыстарды, урнадағы қоқыстардың тазалық жұмысы толығымен жүріп жатыр. Барлығы толық инструменттермен қамтылған. Қолғаптары, мешоктары, лопаталары, барлығы бар.