$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда өгей қызын жүкті қылған педофил сотталды

24.07.2024ж. 20:00
225
Павлодарда өгей қызын жүкті қылған педофил сотталды

Павлодарда 14 жастағы өгей қызын зорлаған педофил 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сұмдық оқиға Шарбақты ауданында болған. Өткен жылы мамыр айында отбасы балалардың бірінің туған күнін тойлаған. Сол күні өгей әкесі қызын зорлап, жүкті қылған. Жақында қыз бала босанып, сәбиін аман-сау дүниеге әкелді. Ал педофил әкенің бұдан бөлек тағы үш баласы бар. Бұл Павлодар облысындағы кәмелетке толмаған балалар арасындағы екінші жүктілік.

Агидель ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сотталушы С-ның кінәсі өзінің мойындауымен, жәбірленушінің куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді. Аса ауыр қылмыс жасаудың мән-жайын ескере отырып, С-ға 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.